Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, Қабанбай батыр – Тұран даңғылдары арасында орналасқан Достық көшесінде жолды орташа жөндеу басталды.
«Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне дейін Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады», – делінген ведомство хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.