Астанада екі жасар бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада екі жасар бала Қарасай батыр көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Құтқарушылардың нақтылауынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешқұрым болды. «Бала байқаусызда құлап кеткен», - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, баланың жағдайы жайында баспасөз қызметі хабарламаған.