Астанада екі жаяу жүргінші автокөліктің астына түсіп, мерт болды
09:24, 29 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 28-і күні Астана қаласының Республика даңғылы бойында «Тойота» автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Алған жарақаттардан 53 және 55 жастағы азаматтар оқиға орнында көз жұмды.