Астанада екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды
12:02, 23 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 23 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан Астанада екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды.
«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - деп хабарланды Астана әкімдігінің сайтында.