Астанада екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлімет таратты.

«Білім басқармасының шешімімен 10 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көктайғақ, қатты жел) қала мектептерінің ІI ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады» делінген хабарламада.