Астанада екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды»,-делінген хабарламада.