Астанада екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымда 1-4 сынып және екінші ауысымда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді деп хабарлайды astana.kz.

Еске салайық, 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус болғанда; ал 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-2 курс) үшін - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.