ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бүгін Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46 елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады.
Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар.
Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді.
Конгреске қатысушылар 2019 жылдың 15-16 маусымында Қазақстанда Әлем кубогы кезеңін өткізуді бірауыздан мақұлдады. Астана өз тарихында екінші рет триатлоннан Әлем кубогы кезеңін қабылдамақ.