Елордада екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада ақтүтек боран. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.

– Бүгін екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқитынын хабарлағанбыз.