Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

– 2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 6 ақпанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.