Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
10:22, 26 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада таңнан аяз күшейіп тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— 2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік СҚО мен Көкшетауда оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілген еді.
Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағытта жол жабылған еді.