Астанада экологиялық акция барысында 5 мыңнан астам ағаш егілді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан даму банкінің қолдауымен «Ағашқа инвестиция саламыз» экологиялық акциясын өткізді.

Ағаш отырғызу Бүкіләлемдік сұлулық күні Астананың көрікті жері «Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығынының қарсысындағы Ғашықтар саябағында болды.

Бүгін мұнда бес мыңнан астам әртүрлі ағаш - қайың, терек, шаған, бадам, жөке егілді. ҚДБ топ-менеджерлері, ҚХА өкілдері бұл жасыл «коллекцияға» көктерек, үйеңкі шыбықтарын қосты.

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұндай бастамаларды қызу қолдайды. Қазақстанның қалаларында жүздеген мемлекеттік және жеке ұйымдар жұмыс істейді. Егер әрбір мекеме ағаш отырғызып, гүлзарларды абаттандыратын немесе сенбілік өткізетін болса, оның тиімділігі өте елеулі болмақ. Әзірше қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар ғана осындай белсенділік көрсетіп отыр», - деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры Ғалия Кәрібжанова.

«Қазақстанның даму банкі жобаларды іріктеуде экология мәселесіне көкіл бөледі. Қалаларды көгалдандыру да фабрикалар мен зауыттар салу сияқты өзін аяқтайды. Мұндай инвестициялар елге және адамдарға нақты пайда келтіреді» - деді «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы диреткоры Айжан Имашева.

Бұл акция Астанадағы басқа да экологиялық шаралардың жалғасы болды. Қаланы көгалдандыруға кәсіпкерлер қауымдастығы, журналистер, депутаттар, қоғам және мәдениет қайраткерлері белсене атсалысты.