Астанада экологиялық зерттеулерге арналған жаңа зертхана ашылды

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -  Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған жаңа зертхананың салтанатты ашылу рәсімі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған зертхана қоршаған ортаны қорғау саласындағы инжиниринг пен басқару жөніндегі магистрлік бағдарлама аясында (MSEME) Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. Бұл жерде АҚШ, Еуропа, Жапония және Ресей елдерінен сатып алынған 50-ден астам арнайы зерттеу құрал-жабдықтары орнатылған. Осы зертхананың негізінде студенттердің оқу-тәжірибелік білімдерін шыңдау ғана емес, коммерциялық тапсырыстарды орындауға да мүмкіндік бар.

Зертхана АҚШ-тағы Нью-Мексико университеті, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID), Американың энергетикалық қауымдастығы  (AES), «Орталық Азиядағы Еуразия» қоры және Еуразия ұлттық университетінің ұйытқы болуымен ашылды.