деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, комиссия отырысына Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, Польша тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары-Экономика министрі Вальдемар Павляк төрағалық жасайды. «Отырыс барысында Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, келісімшарттық-құқықтық базаның жағдайы, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм, білім және ғылым, халықты әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады», деді ол.