Астанада экскурсиялық тегін автобустар қатынайды
Астана қаласының 20 жылдығы және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1, 2 және 3 маусым күндері елорда тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен қаланың сол жағалауын тегін аралайтын болады.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда, ойын-сауық орталығынан басталады.
Аудиогидтер автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдерінде көрікті орындар мен нысандар туралы мәліметтер беріп отырады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12.05 (орыс тілінде);
- сағ. 14.45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16.50 (орыс тілінде);
- сағ. 18.55 (қазақ тілінде).
Аялдамалар «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық музей және «Астана Бәйтерек» монументі.
«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12.05 (орыс тілінде);
- сағ. 14.45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16.50 (орыс тілінде);
- сағ. 18.55 (қазақ тілінде).
Аялдамалар: Ұлттық музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.