Энтузиаст суретшілер тобы ұйымдастырған үш күндік фестиваль «Мәскеу» бизнес-орталығында өтеді. Бағдарламада 23 фильм бар.
«Астаналықтарға жастар киносы қызықты деген ойдамыз. Ертең осы жастардың біреуі үлкен экранға шығып кетер. Кім білген?! Оларға қазір қолдау керек. Ең әсерлі деген фильмдердің өзі де көрермен үшін түсіріледі ғой», - дейді көрмені ұйымдастырушылар.
Фестиваль күндері: 29 қараша - 18:00-де; 30 қараша - 18:00-де; 1 желтоқсан - 18:00-де.