Астанада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Фото: Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

— Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген, - делінген комитет хабарламасында.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, терроризмді насихаттағаны үшін екі азамат 7 жылға сотталды.