Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің қонақтарына арналған қазақ халық музыкасының концерті өтті

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Жексенбі күні Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушылар мен оның қонақтарына арнап ұйымдастырылған қазақ халық музыкасының концерті өтті.

Шетелдік қонақтардың алдында «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблі, «Шалқыма» ән-би ансамблі және Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы өнер көрсетті, қазақ күйлері орындалып, билер биленді. Көрермендер әртістердің өнеріне тәнті болды.