Астанада «Ел бірлігі доктринасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада Ұлттық академиялық кітапханада «Ел бірлігі доктринасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбатқа Президент Әкiмшiлiгiнiң өкiлi Дархан Мыңбай, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов, «Ақжол» партиясынан Амангелді Айталы, жазушы Мұхтар Шаханов және сарапшы-ғалымдар қатысты.