Астанада "Ел бірлігі доктринасы" жобасы талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философ ғалымдары мен профессорлары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары әлемдік дағдарыс жағдайында этносаралық және конфессияаралық келісімдердің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіру тәжірибесі мен жолдарын түйістіру мәселелерін саралады.
Дөңгелек үстел отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Ұлттық академиясының академигі Ғарифолла Есім баяндама жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел бірлігі доктринасына айрықша маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. «Қазақстандағы ұлт бірегейлігі мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті. Себебі, Қазақстан жерінде 130 ұлттың баласы бас қосқан. Осы тұрғыда Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынған Ел бірлігі доктринасы жобасы Қазақстанның ұлт бірегейлігі, жалпы этносаралық мәселелерге негіздеме болады», дей келе, «Доктрина жобасы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың бірлігін нығайтып қана қоймай, біздің елдегі қоғамның даму жолын бұдан да озық, бұдан да өркениетті бағытқа түсіреді», деп атап өтті Ғ. Есім.
Қатысушылар басқосу кезінде Қазақстандағы ұлтаралық, қоғамдық төзімділікті білім беру және тәрбие беру жүйесі арқылы, құқықтық мәдениетті арттыру арқылы дамыту туралы ұсыныстар дайындады.