Концерт алдындағы салтанатты жиында ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков сөз сөйледі. «Осыдан 20 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен елдік пен егемендіктің тірегі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 7 мамыр - Отан, мемлекеттік мүдде, егемендік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейбіт елдің тыныштығын - әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн», - деп атап өтті Министр.
Ә. Жақсыбеков Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі екенін, сол себепті мемлекетіміздің әскери саласын одан әрі дамыту мақсатында игі істер атқарылып жатқандығын қадап айтты.