Көрменің бірінші бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұсындағы бауырлас Түркия Республикасының президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Реджеп Тайып Ердоғанмен түскен суреттері ұсынылған.
Сондай-ақ, экспозицияда ағымдағы жылғы Түркістандағы ресми сапарларынан сыр шертетін фотосуреттерін тамашалауға болады. Екінші бөлім әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналады. Онда Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, ХІХ ғасырда қайта көшірілген «Рисоллә дәр адаби тариқат», «Насабнама» шежіресі бар. Бұдан бөлек, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан», Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері», Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектері орналастырылған.
Көрменің үшінші бөлімі Түркістан өңіріндегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер жайындағы фотосуреттерге арналған.