«Digital Bridg» халықаралық инновациялық форумы 5 қарашада ЭКСПО аумағындағы Конгрес-орталықта өтеді. Форумның мақсаты - өзара тәжірибе алмасу, инновациялық және цифрлы жобаларды дамыту үшін Азия мен Еуропа елдерінің арасында виртуалды көпір салу болып табылады. Сонымен бірге, аталмыш форумның базасы арқылы диалогты алаң құра отырып, халықаралық назарды Қазақстанға аударғымыз келеді», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
«Digital Bridg» халықаралық инновациялық форумында Мемлекет басшысының қатысуымен Astana Hub технопаркінің таныстырылымы өтіп, IT-индустрия саласындағы сыйлақтар табыс етіледі. Динара Щеглованың айтуынша, халықаралық форумға ІТ-қауымдастықтардың өкілдері, технология саласында мойындалған сарапшылар, кәсіпорындардың басшылары мен ғалымдар мен венчурлы капиталистер қатысады.
Вице-министр атап өткендей, шара аясында Қазақстандағы цифрландыру саласындағы ең бірінші - «Digital Bridge Awards» сыйлығы табыс етілмек.
«Бұл сыйлық ІТ саласындағы отандық компанияларды жігерлендіру түсер деген сенімдеміз. Сыйлақ әлбетте мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өіз басқару органдарының да жұмысы белсенді өкілдерінің жігерін жани түсері анық. Digital Bridge Awards сыйлығы «Ең үздік цифрлы бастама», «Ең үздік цифрландыру кеңсесі» және «ең үздік ІТ-компания» номинациялары бойынша беріледі», - дейді Д.Щеглова.