Астанада «Елбесік» аруы» байқауы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - Астанада наурыздың 10-ы күні сол жағалаудағы ЕХРО көрме орталығында «Елбесік» аруы» байқауы өтеді. Оны елордадағы жастарға арналған «Елбесік» танымдық журналы мен «Salem» радиосы ұйымдастырып отыр.

Елордада ұлттық нақыш пен салт-дәстүрімізді асқақтатқан мұндай байқау алғаш рет өткізілмек. Байқауға белгілі эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдина бастаған қазылар алқасы төрелік етеді. Байқау барысында қазақстандық танымал эстрада әншілері кешті әнмен өрнектейді.

"Демек, бүгінгі мақсат - қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, жандандыру және қырмызы қыздарымыздың ұлттық үрдістерімізге қызығушылығын ояту", - деді байқаудың ұйымдастырушысы, "Елбесік" журналының атқарушы директоры Бағдагүл Рахметқызы.

Байқау Есіл жағалауындағы "ЕХРО" КӨРМЕ" орталығының әсем ғимаратында кешкі уақыт 17.00-де басталады.