деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірнеше іріктеу кезеңнен тұрған «Елбесік аруы» қалалық байқауының ақтық сынына елордалық мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындардан барлығы 17 ару қатысты.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Қыздар алдымен, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қарақат Әбділдина төрайымдық еткен талғампаз қазылар алқасы мен көпшілік көрерменнің алдында өздерін таныстырып, киім үлгілерін көрсетті. Екінші сайыста арулар көрермендерді ән мен күйге бөледі. Ал үшінші байқауда олар қазақтың ою-өрнектерінің сызбасын жасап, оларды матаға кестелеп пішуі тиіс болды. Соңғы сайыста бойжеткендер ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін жетік білу сынағынан өтті.
Тартысты өткен байқауда қазылардың шешімімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1-ші курс студенті Ғазиза Ыбыраева көркіне ақылы сай қазақ аруы деп танылып, «АГРО-INSRANCE» сақтандыру компаниясы тағайындаған бас жүлде мен 1 орынды иеленді.
Ғ.Ыбыраева алдағы жаз айларында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.