Жаңа Compass АЗС + express market автоқуаттандыру станция кешені ҚР-да бұрын орнатылған станциялардан түбегейлі ерекшеленеді - онда орнатылған ABB компаниясының Terra 53 моделді жылдам қуаттау станциясы барлық үлгідегі электромобильдерді 10-30 минуттың ішінде 80%-ға дейін қуаттауға мүмкіндік береді.
Станцияның ресми ашылуына мемлекеттік құрылым өкілдері, Compass АЗС + express market кешендер желісінің басшылары, ABB компания өкілдері кәсіпкерлер, электромобиль иелері, AllurGroup өкілдері және т.б. қатысты.