Осыған орай, «электронды қоқысты» жинайтын акция Астана және Қарағанды қалаларында өтеді, деп хабарлады ведомстводан.
Яғни, электронды техника дүкендері жүйесінде істен шыққан электронды қондырғыларды жинайтын жәшік орнатылады. Шараның мақсаты - адам мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін «жасыл жоюды» жүзеге асыруды тәжірибеде сынап көру.
Айта кетерлігі, экожобаның таныстырылымы ҚР Үкіметі, Samsung Electronics Central Eurasia және БҰҰ ДБ бірлескен жобасы аясында жүзеге асты. Ол еліміздің жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпалын тигізуге бағытталған, деп хабарлайды strategy2050.kz.