Астанада электрондық бақылау құрылғысы сынақтан өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада DEF CON халықаралық конференциясы өткізіліп онда Қазақстан мен Ресейдің үздік IT-сарапшылары «KazTechInnovations» ЖШС отандық инноваторларының электрондық бақылау құрылғысын сынықтан өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстандық жоба елдің пенитенциарлық инфрақұрылымын жаңартуға арналған. Конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандар кемшілікті анықтау үшін электрондық бақылау құрылғысының бағдарламалық және аппараттық жүйесіне сынақ жасап көрді. Сынақ жобаның ішкі әсерге төзімділігін көрсетті.

Аталған жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Алатау» ИТБ» АЭА базасында жасалғандығын атап өту керек.

Бұған дейін аталған жоба ҚРІішкі істер министрлігі қызметкерлеріне таныстырылып, электрондық бақылау құрылғысы кешенді тексеруден өткен болатын. Қазақстандық құрылғының артықшылығы - бес жыл бойы қауіпсіздікті бақылау білезіктері қуаттаусыз, үздіксіз жұмыс атқара береді.