Еңлік Дүйсенғалиева, Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығының директоры:
«Орталық кадрларды іріктеу, қызметкерлерді аттестаттау және скрининг қызметтерін ұсынады. Мысалы, бұл адамдардың жұмысқа деген ниеті қандай, жұмыс істегісі келе ме, жоқ па? Оған жұмыс керек пе? Сәйкесінше, полиграфологтарды оқытамыз. Сондай-ақ, тиісті қондырғылар сатылады, толық техникалық сүйемелдеу, кепілді және кепілден кейінгі қызметтер көрсетіледі».
Орталық көшпелі және стационар кабинеттермен жабдықталған. Соңғысында бейнекамералар орнатылған. Бір камера адамның бойын түсірсе, екіншісі - мимикалық қозғалыстарын түсіреді. Ал арнайы тексеру креслосы жаңа құралдармен жабдықталған. Оған қан тамырының соғуын, адамның мимикасын және қозғалысын тіркейтін 7 тетік қосылған.
«Полиграф эмоцияны тексеріп, бәрін толық жазады: көздің қозғалысынан бастап, артериалдық қысымын өлшеуді, адам қозғалып, оның тыныс алуы өзгергенге дейінгі қысымын өлшейді. Сондықтан полиграфты алдау мүмкін емес", - дейді Е. Дүйсенғалиева.
Сонымен қатар, орталықта 20 адамға арналған оқу сыныбы ашылды. Мұнда білім алып, тестілеу барысын бақылауға болады. Барлық үш кабинет өзара бейнекамералармен, дыбыстық қондырғылармен және бақылау техникасымен байланысқан.