Астанада еліміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды
12:47, 25 Ақпан 2010
АСТАНА Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Көзқарас» саяси клубының бір жылдығына орай өткен жиын барысында еліміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан», «Руханият», «Ақжол» , «Азат», «Әділет», Қазақстанның патриоттар және коммунистер партияларының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысқан мәжілісте саяси-экономикалық және әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді талқыға салынды.