Астанада еліміздің жедел индустриялды-инновациялық дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде

АНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада Қазақстан Республикасының жедел индустриялды-инновациялық дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында кеңеске мүше министрліктердің ел экономикасын индустриялды-инновациялық дамыту саласында атқарған жұмыстары пысықталып, экономикалық дамудың басымды бағыттары бойынша Индустриялизация картасына енгізілген нақты жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқылануда. Сондай-ақ мәжілісте  Үйлестіру кеңесінің  2010-2014 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламсы аясындағы алдағы уақыттағы жұмысы сөз болмақ.