Астанада «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» фестивалі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты халықтар достығы фестивалі басталды, деп хабарлайды astana.kz.

Шараға елорданың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысуда. Концерттік бағдарламада этнобірлестіктердің өнерпаздары түрлі жанрда сахналық көріністер қояды: хор, вокалдық ән айту, халық аспаптары ансамблі, хореография, мәнерлеп оқу. Фестиваль шарттарына сәйкес барлық шығармашылық ұжымдар тек жанды дауыспен ғана ән айту керек. Шара жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Қорытынды гала-концерт 19 сәуірде сағат 15:00-де «Астана» ұлттық сурет галереясында өтеді.