Астанада Елорда күніне орай Достық аллеясы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Елорда күніне орай Достық аллеясы ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов айтты.

«Біз мамыр айында Достық аллеясын отырғызу туралы бастама көтерген болатынбыз. Бұл бастамамызды Астана күніне арнадық. Біздің ойымызша, бұл идея Астана жұршылығын бірлік пен берекеге шақырып, патриоттық сезімдерін оятады», - деп атап өтті ол.

Төрағаның айтуынша, бірлестіктің белсенділері жуырда көшеттер отырғызған. «Біз Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі гүлбағында ағаш көшеттерін отырғыздық. Бұл жұмыста бізге көшеттер мен құрал-саймандар беруде әкімдік көп көмектесті. Жастар да белсене қатысты», - деді бірлестік төрағасы.