Астанада елорданың 11 жылдығына арналған шаралар жалғасады
10:41, 05 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада елорданың 11 жылдығына арналған шаралар жалғасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жедел медициналық көмек ғылыми-зерттеу институты ашылады, конкур бойынша Әлем кубогы өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында опера өнерінің мегажұлдызы Пласидо Домингоның концерті болады.