«2015 жылы «№1 қалалық аурухана» МҚК мен елорда тұрғыны арасында ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт жасалған. Ер адам қанағаттанарлық жағдайда, тұрғылықты жері бойынша дәрігерге қаралып отыру жөнінде кеңес беріліп ауруханадан шығарылған. Оған стационарлық сырқаттың медициналық картасының үзіндісі (ауру тарихы) берілген, онда ер адам үзіндімен келісетінін, медициналық персоналға шағымы жоқ екендігін көрсеткен», - деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Алайда ер адам үзіндіні алысымен, медициналық қызметтің ақысын төлемей ауруханадан кетіп қалған.
Істің материалдарын зерделеп шыққан Астананың Сарыарқа аудандық соты «№1 қалалық аурухана» МҚК талап-арызын қанағаттандырып, оның пайдасына 295 636 теңгені өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енді.