«Менің ойымша, бұл ұйым келешек ұрпақты тәрбиелеп шығаруда үлкен жетістіктерге жетеді. Біз үшін «Жас Ұлан» ұйымы балаларға еңбекқорлықты, білімге ұмтылуды, қиыншылыққа мойымауды үйреткені аса маңызды», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев.
Жас ұланның гаран-при жүлдесі қызылордалық Бекарыстан Аманжоловқа, «Жас тілші» номинациясы павлодарлық Айжан Темірбековаға, «Жас дарын» номинациясы батысқазақстандық Алексей Шинге және басқа да номинациялар табыс етілді.
Айта кету керек, бүгінде 6-16 жас аралығындағы жасұландықтардың қатары 700 мыңға жетіп жығылады.