Астанада ең сыпайы көлік жүргізушілері таңдалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазанда Астанада ең сыпайы көлік жүргізушілері таңдалады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар!» кең ауқымды әлеуметтік іс-шараның шеңберінде астаналық жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге арнап бірқатар алдын алу шаралар жүргізбек.

«Сыпайы жүргізуші» акциясын өткізу кезінде полицейлер реттелінбейтін жолдарда жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберетін, аулалар мен жанармай бекеттерінен шығып келе жатқан көліктерді өткізетін, жолдағы мәдениет пен сыпайылыққа бағынатын көлік жүргізушілерін анықтайды. Бұл күні сыпайы жүргізушілерге алғыс айтылып, «Сыпайы жүргізуші» деген жазуы бар стикерді иеленгендердің аты-жөндері «Авторадио Қазақстан» республикалық радиосының тікелей эфирінде аталады.

Оған қоса, іс-шара ұйымдастырушылары сақтандыру компанияларының өкілдерімен бірлесе ең аңғарымпаз әрі сыпайы жүргізушілерге арнап сыйлықтар жасамақ.

Акция барысында жаяу жүргіншілер жолында ережені бұзған жүргізушілерге, айыппұл орнына өздерін «жаяу жүргіншілердің рөлінде сезіну» үшін ЖҚЕ бұзған реттелмейтін жолдан өтуді ұсынатын болады.

Әкімшілік полиция мәліметтері бойынша, Астанада әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Ағымдағы жылы ЖКО салдарынан 250 жаяу жүргінші түрлі жарақат алса, 14 адам қаза тапты. 50 оқиғада жаяу жүргіншілер жолында апат орын алған.