Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 787 теңгені құрады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада үстіміздегі жылы тамыз айында ең төменгі күнкөріс шегі 22 787 теңгені құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

Халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шегі орта есеппен негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептеледі.

«2013 жылғы тамыз айында оның алдындағы аймен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 5,7 пайызға, 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 6,4 пайызға ұлғайды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Соның ішінде ет пен балық сатып алуға 20,0 пайыз, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға 13,2 пайыз, жеміс-жидектер мен көкөністерге 18,7 пайыз, нан өнімдері және жармаларға 6,4 пайыз, қант, шай мен дәмдеуіштерге 1,7 пайыз көлемінде жұмсалады.