Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Осы семинарға әлеуметтік әріптестер, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті органдар басшылары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында «Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің жүйелі өзара байланыс нысандары мен әдістері» тақырыбында ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов сөз сөйледі.
Семинар спикерлерінің баяндамалары әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара іс-қимылдарының тиімді нысандары мен әдістері, соның ішінде мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарының еңбек жанжалдарының туындауы кезінде бірыңғай әрекеттері туралы, әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешудің пәрменді жолдары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, еңбек жанжалдарын шешу кезінде келіссөздер жүргізудің психологиялық аспектілері, еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы мәселелерін басқару тақырыптарын қамтыды.