ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың гранты қаражаты есебінен ХОУП жобасы орындайтын «Еңбекші көшіп-қонушылардың арасында ТБ, КДК ТБ және ТБ/АИТВ трансшекаралық бақылау және емдеу бойынша іс-шаралар» жобасы шеңберінде ашылады. Іс-шара халықтың туберкулезге бейім де осал топтарына қоғамның назарын аударту мақсатында өтеді.
Көрмеге отандық фотограф Динара Ыбрайымованың еліміздің әртүрлі өңірлерінде түсірген 20 жұмысы қойылған. Объективте - құрылыс алаңдары, базарлар мен еңбек мигранттарының басқа да жұмыс істейтін орындары, сондай-ақ олардың өмір сүретін жерлері бар. Фотожұмыстар Қазақстанға келген еңбекші көшіп-қонушылардың еңбек ету күндері мен денсаулығына байланысты проблемалары туралы сыр шертеді.
Фотосуреттерде ХОУП Жобасының бағдарламасын енгізу шеңберінде еңбекші - көшіп-қонушыларға туберкулез профилактикасына, диагностикасына және емдеуге (оқытуда немесе хабардар етуде) көмек және әлеуметтік қолдау көрсетіп жатқан медицина қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлері де көрсетілген.
«Бағдарламамыздың мақсаты - еңбекші көшіп-қонушылар үшін туберкулез диагностикасы мен емдеуге қолжетімділікті шектейтін кедергілерді жою, мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу бойынша тиімді тетіктерді (өңірлікті қоса алғанда) жасау», - деп атап өтті Қазқстандағы ХОУП Жобасының басшысы Бақтияр Бабамурадов.
Міне үш жыл бойы ХОП Жобасының қызметкерлері мемлекеттік құрылымдармен, медициналық мекемелермен, көші-қон қызметімен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесіп, қиында, бірақ өте маңызды жұмыспен айналысады, оның бір бөлігі «Сау болып орал!» фотокөрмесінде бейнеленген.
Фотокөрменің ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ХОУП Жобасының, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық қоғамдастықтың және еңбекші көшіп-қонушылар қатысады.
Фотокөрменің 3 желтоқсанға дейін жалғасады.