Әкімдіктен мәлім еткендей, аталмыш қаржы біліктілікті арттыруға, кадрларды дайындауға және қайта даярлауға, жұмыспен қамту бағдарламасына, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге, қаланы дамыту шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын жөндеуге бағытталды.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағытындағы шараларды іске асыруға 2016 жылы Астана қаласының бюджетінде 3 792,1 млн теңге қарастырылған болатын. Қаржыны игеру 100% құрады.
«Бөлінген ақша кредиттер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялауға, шағын және орта бизнеске берілген кредиттерді жартылай кепілдендіруге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға, индустриалды инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды», - деп атап өтті қала әкімдігінен.