Астанада ер адам 11-қабаттан құлап қаза болды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында «Комсомольский» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 11-қабаттан құлаған «САА Бұланды» ЖШС 30 жастағы жұмысшысы алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.