Астанада ер адам 6-шы қабаттан құлап аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданы Қабанбай батыр көшесінің бойындағы жаңа салынып жатқан нысанда кеше құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 6-шы қабаттан 3-ші қабатқа құлаған «Айдын-Япа» ЖШС-нің 23 жасар жұмысшысы аман қалды.

Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарланды ҚР ТЖМ ақпараттық порталында.