Астанада ер адам жұмысқа тұрғызу үшін 1 мың доллар сыйақы алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған 29 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

«Алматы аудандық ІІБ полиция бөлімі қызметкерлері 29 жастағы Самат Тәукеловты қолға түсіріп, Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамады. Ағымдағы жылдың ақпанынан шілде айлары аралығында күдікті Тәукелов алдау арқылы «Т» азаматының сеніміне кіріп, ақшалай сыйақыға қызметке орналастыруды ұсынып, 7 000 000 теңге және 1 000 АҚШ доллары ортақ соммадағы қаржысын иеленген» - делінген баспасөз баянында

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған күдіктінің басқа да осындай сипаттағы қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталуда.

Зардап шеккендерді анықтау үшін Астана қаласы ІІД Бөрілі көшесі, 18 мекенжай бойынша «Алматы» аудандық ІІБ АПБ кезекші бөліміне келуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7212) 53 77 92,  сот. 8 707 220 00 06, 8 777 614 41 21, 8 702 508 69 79 хабарласуды сұрайды.