деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, турнирдің басты мақсаты - ұлттық командаға іріктеу үшін мықтыларды анықтау. Осылайша бір аптаның ішінде еліміздің әр аймағынан келген үздік кикбоксшылар кімнің күшті екенін шаршы алаңда анықтайды. Қаңтардың 16-да чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі болады, ал келесі күні алдын-ала жекпе-жектер өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар ұлттық құрамаға қабылданады. Олар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.