АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді.
«Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Балуандар 7-14 сәуір аралығында жүлделерді сарапқа салады», - деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.
Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар барлығы 307 медаль еншіледі. Олардың 81-і алтын, 85- күміс, 141-і қола. Бұл жөнінен медальдар кестесінде төртінші орында тұр. Алғашқы үштікте Иран, Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары келеді.
Еске салсақ, Атырау облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.