Астанада ерікті қан тапсыру акциясы басталды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Екеуіміздің қанымыз бір!» атты қайырымдылық акциясы басиалды.

Оның аясында ақпанның 2-сіне дейін кез келген азамат Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына (бұрынғы Қан орталығы) барып, науқас адамдарға қан тапсыра алады. «Осы іспетті шараны алғаш рет өткізген кезде, 50-ден астам адам өз еркімен келіп, қан тапсырды. Біздің негізгі мақсатымыз - олардың санын арттырып, осы мәселеге қоғам назарын аудару. Осылайша біз елімізде ерікті донор институтын қалыптастыруды көздейміз», - дейді ұйымдастырушы Рүстем Итеміров.