Концертте Ермек Серкебаевпен қатар Қазақстанның, Ресей Федерациясының және Өзбекстанның опера және балет өнерінің жетекші әртістері, сондай-ақ, Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының камералық хоры өнер көрсетеді.
10:54, 10 Қараша 2011
Астанада Ермек Серкебаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтеді
ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 қарашада Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры сахнасында КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 85 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.