Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
21:20, 11 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— 2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетелік бүгін де кей өңірдің оқушылар қашықтан оқыған еді.