Астанада есігін жауып алып жұмыс істейтін кафе-барлар азаймай отыр
Мәселен, өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысанның карантин талаптарын бұзғаны анықталды.
Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есіктерін жауып жұмыс істеген.
Сарыарқа ауданында карантин талаптарын бұзғандар тізімінде «K-RIMA» дәмді палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары бар.
Белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесіне, «Пар house», «Parilkino» сауналарында келушілерді қабылдаған.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз.
Күн сайын қалада КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр, аурудың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық пациент инфекциялық стационарларға түсуде.
Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.
Айта кету керек, инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – екпе егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.
Ол үшін вакцинаны халықтың 60%-дан астамы алуы тиіс.